Білім • 29 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығы

2090 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2020 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығы

«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №830 қаулысына сәйкес және 2020 жылғы ғылым сала­сындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру бойынша материалдарды қарау және шешімдерді дайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2020 жылы:

1) Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар:

жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық «ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші базасында кешенді зерттеулерді дамыту» тақырыбындағы жұмысы үшін келесі құрамдағы авторлар ұжымына – Әбдіраш Тасанұлы Ақылбековке, Алма Қабденқызы Даулетбековаға, Максим Викторович Здоровецке, Артем Леонидович Козловскийге («Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ);

жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлық «Практикалық қосымшалар үшін қазіргі заманғы плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдар алудың ғылыми негіздерін әзірлеу» тақырыбындағы жұмы­сы үшін келесі құрамдағы авторлар ұжымына – Сағи Амзейұлы Оразбаевқа, Дидар Ғалымұлы Батры­шевке, Ерасыл Ерланұлына, Алмасбек Ұлыбекұлы Өте­геновке, Ерболат Әбутәліпұлы Үсеновке («әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ);

гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық «Алтыншоқы төбесіндегі Тимур белгісі» тақырыбындағы жұмысы үшін келесі құрамдағы авторлар ұжымына – Рымбек Мұратұлы Жұмашевке, Жамбыл Азмұханұлы Жұмабековке, Эмма Радик­қызы Османоваға, Виталий Николаевич Фоминге («Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ);

педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық «Қазақ тіл білімінің философиялық әдістемілік мәсе­лелері» тақырыбындағы жұмысы үшін Айтмұ­хамет Қасымбайұлы Трушевке («Торайғыров Университеті» КеАҚ);

түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық «Palaeoturcica: ежелгі түрік руна хатының пайда болуы және жұмыс істеуі» тақырыбындағы зерттеуі үшін Абай Қайыржанұлы Қайыржановқа («Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ );

гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы сыйлық «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымы» ғылыми жұмыстар циклі» үшін Ботагөз Жаппарқызы Паридиноваға («Қызыл­орда «Болашақ» университеті» ЖШС);

2) мемлекеттік ғылыми стипендиялар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғалымдарға берілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) (Құрманғалиева Ж.Д.):

1) атаулы сыйлықтарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде ғылым саласын­дағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларға көзделген бюджеттік қаражат ше­гінде 2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жыл­ғы қа­раша аралығы кезеңінде төлеуді қамтамасыз етсін;

 2) осы бұйрықты республикалық баспа басылымдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Ғылым коми­тетінің интернет-ресурстарында орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.АЙМАҒАМБЕТОВ

 

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «25» желтоқсан  №542 бұйрығына  қосымша

 

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындалатын ғалымдардың тізімі

Жетекші ғалымдар

  1. Аруова Лязат Боранбаевна
  2. Амиргалиев Нариман Амиргалиевич
  3. Ахмеденов Кажмурат Максутович
  4. Тулеуханов Султан
  5. Бакирова Рысжан Емельевна
  6. Табынов Кайрат Казыбаевич
  7. Ибраев Ниязбек Хамзаұлы
  8. Оразбаев Батырбай Бидайбекович
  9. Асанова Анар Тұрмағанбетқызы
  10. Темирханова Айнур Маралкызы
  11. Абдыбекова Аида Макеновна
  12. Нукешев Саяхат Оразович
  13. Беркимбаев Камалбек Мейрбекович
  14. Баянбаева Жадыра Амангельдиевна
  15. Жораева Гулжамал Тулегеновна
  16. Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы
  17. Сапарбаев Абдижаппар Джуманович
  18. Бурибаев Ермек Абильтаевич
  19. Карибаев Берекет Бахытжанович
  20. Карасаев Ганий Мұқашұлы
  21. Мухамедиев Булат Минтаевич
  22. Датхаев Убайдилла Махамбетович
  23. Тулеуов Бораш Игликович
  24. Нуркенов Оралгазы Актаевич
  25. Кудайбергенов Саркыт

 

Жас ғалымдар

  1. Шахмов Жанболат Ануарбекович
  2. Иманбаев Ержан Иманбайұлы
  3. Тулебекова Асель Сериковна
  4. Есенгазиев Азамат Муратович
  5. Мухамбетгалиев Ербол Кенжегалиулы
  6. Жабагин Максат Кизатович
  7. Тайпақова Сәбира Мықтыбекқызы
  8. Кайырлыкызы Айым
  9. Серғазы Шыңғыс Даулетханұлы
  10. Айткулова Акбота Маратовна
  11. Белкожаев Аяз Маратович
  12. Жунусова Гульнур Сагиндыковна
  13. Оразбаев Саги Амзеевич
  14. Есиркегенов Нургиса Аманкелдиулы
  15. Мухамедов Нуржан Еролович
  16. Туленов Канат Серикович
  17. Бакранов Нурлан Болатович
  18. Утегенов Алмасбек Улубекович
  19. Дәуітбек Достілек
  20. Мусаев Медгат Муратович
  21. Арепова Гаухар Джумабаевна
  22. Еримбетова Лаззат Тастанбековна
  23. Ерланұлы Ерасыл
  24. Бакранова Дина Игоревна
  25. Игенбаев Айдын Каирбекович
  26. Шамеева Улдана Газыевна
  27. Ахметжанова Айжан Еркингазыевна
  28. Копабаева Арайлым Айтбаевна
  29. Байбусенов Курмет Серикович
  30. Кизатова Маржан Ержановна
  31. Таттимбетова Куралай Омирлановна
  32. Жаппаркулова Карлыгаш Нургаликызы
  33. Даутова Гульназ Рахимовна
  34. Тулешова Улжан Жангелдыновна
  35. Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы
  36. Жидебеққызы Ақнұр
  37. Ташенова Лариса Владимировна
  38. Аканов Куаныш Газизович
  39. Сыздықова Азиза Оралбайқызы
  40. Жағыпар Әділет Бауыржанұлы
  41. Конаров Айшуак Таргинович
  42. Калдыбеков Даулет Болатович
  43. Болатов Асет Куанышевич
  44. Мальчик Федор Игоревич
  45. Азат Сейтхан
  46. Сатыбалдиев Багдат Серикович
  47. Павленко Владимир Вальерович
  48. Токпаев Рустам Ришатович
  49. Пузикова Дарья Сергеевна
  50. Оразбаева Дина Сайлаубекқызы