– Біз орфандық аурулар туралы айттық, бұл енді сирек кездесетін ауру түрлері. Егер препаратты алуға рұқсат берілген жағдайда өзге елде тіркелген дәрілерге де қол жеткізуге болады. Кодекс бойынша тіркелмеген, бірақ сирек кездесетін ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерді бір реттік әкелуді қарастыратын норма бар, – дейді министрлік өкілі.
Оның айтуынша, қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы жинап-терген қаржысына офтальмология, стоматология қызметтерін – протездеу, терапиялық емдеу шараларын да пайдалана алады. Сондай-ақ қаржыны туа бітті аурулар мен операциядан кейінгі тыртықтарды емдеу мақсатында қолданылатын пластикалық операциялар үшін де жұмсауға болады: Мәселен, адамды күйік шалса немесе онкологиялық дертке шалдықса.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақы қорындағы қаражатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу үшін де пайдалануға болатынын айтқан еді.