Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Павлодарда жер учаскесін мұнай қалдықтарымен ластау бойынша қылмыстық іс қозғалды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Павлодар облысы бойынша экология департаментіне "Павлодар облысының Тұтынушылар одағы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағындағы жер учаскесінің құрамында мұнайы бар қалдықтармен ластануына шағымданды.

Павлодарда жер учаскесін мұнай қалдықтарымен ластау бойынша қылмыстық іс қозғалды

 

Оқиға орнына шыққан кезде, Департамент қызметкерлері ластанған учаскені анықтап, топыраққа талдау жүргізді, бұл нормативтердің 100-ден 200 есеге артқанын көрсетті.

Ластанған учаскенің ауданы 1000 м2 - ден астам, қалдықтардың көлемі 104 м3-ден астам қалдықтарды құрады. Нәтижесінде, экологиялық залал мөлшері – 34 млн. теңгеден астам.

 

Аталған факті бойынша "Ертіс Сервис" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша кәсіпорын қалдықтарды кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге құқығы жоқ үшінші тұлғаларға құрамында мұнайы бар қалдықтарды заңсыз бергені анықталды (ҚР Экологиялық Кодексінің 283-бабының және 288-бабының талаптары бұзылған).

Бұзушылықтарды жою туралы тиісті нұсқама берілді. Тексеру нәтижелері процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. 

Қылмыстық іс қозғалып, кінәлі тұлғалар анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Экология департаменті бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды оның толық орындалуы үшін ерекше бақылауға алды.