Үкімет • 29 Желтоқсан, 2020

Үкімет Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында балық саласын дамыту мәселелері қаралды.

Үкімет Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады

Қазақстандағы балық саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі МағзұмМырзағалиев, Маңғыстау облысының әкіміСерікбай Трұмов, Солтүстік Қазақстаноблысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Grand Fish» ЖШС басшысы Сергей Медведев, «Қарағанды-Осетр» ЖШС директоры Дмитрий Абильдинбаяндады.

Балық саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайжасауға, балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды қысқартуға бағытталғанзаңнамалық түзетулер Парламенттің қарауындажатыр, бұл саланың одан әрі дамуына серпінбереді.

Балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгіәзірленген бағдарламасы аясында балықөнімдерінің өндірісін шамамен 30 есеге – 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін ұлғайтужоспарланып отыр, 500-ден астам жаңашаруашылық пен 50 мың жұмыс орны құрылады. Балық өнімдерінің экспорты жылына 30 мыңтоннадан 136 мың тоннаға дейін артады, импорт жылына 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейінтөмендейді. Сонымен қатар балықты ішкі тұтынуекі есе – 2020 жылғы 67 мың тоннадан 2030 жылы 134 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.

«Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыруҮкіметтің басты міндеттерінің бірі жәнееліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Бұлтұрғыда балық шаруашылығы перспективалыбағыттардың бірі. Мамандардың пікірінше, елімізбалық саласын дамыту бойынша елеулі әлеуеткеие», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шараларынуақытылы жүзеге асыруды тапсырды.