Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Атырауда каналға батқан жүк тиегіш көлік шығарылды

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласына жүк тиегіш көлік тереңдігі 2 метрлік каналға батып кетті. Оны құтқарушылар бір күннен соң шығарды.

Атырауда каналға батқан жүк тиегіш көлік шығарылды

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, диспетчерлік пультке сағат 11:20-да «Рыбоход» каналына жүк тиегіш көліктің түсіп кеткені  хабарланған.

«49 жастағы азамат жүк тиегіш көлігімен каналдың келесі бетіне өтпек болған. Алайда  мұз ойылып, көлік каналға батып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аталған каналдың тереңдігі 2 метр, мұздың қалыңдығы 30 см болатынын анықтады. Ал көліктің батып кеткен жері жағадан шамамен 45 метр қашықтықта екені белгі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар канал мұзын ойып, сүңгуірлер су астындағы көлікке арқанды бекіткен. Содан кейін «ДТ-75» тракторының көмегімен жүк тиегіш көлікті жағаға сүйреп шығарды.