Білім • 29 Желтоқсан, 2020

Ресейде білім алатын қазақстандық студенттер қашықтан оқиды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Мәскеудегі дипломаттардың Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресейдің Оқу-ағарту министрлігінің, ресейлік жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен өткізген келіссөздерінің қорытындылары жарияланды,деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейде білім алатын қазақстандық студенттер қашықтан оқиды

Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге келу мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды.

Сондай-ақ, қашықтықтағы форматқа көшуге байланысты оқудан ешкім шығарылмайтын атап өтілді. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтықтан қорғау қарастырылған.

Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Біздің Елшілік қазақстандық студенттермен болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты.