Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, аймақтағы меценаттар мен кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы сезінеді.
Мәселен, демеушілердің қаржысына 700 көп балалы және аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 5 млн 325 мың теңгеге азық-түлік берілген. Тағы 55 отбасына 1 млн 540 мың теңгеге көмір алып берілді. Сол сияқты мүмкіндігі шектеулі 700 баланы 2 млн 100 мың теңге болатын жаңа жылға арналған сыйлықтармен қуантты.
Бұдан бөлек «Мейірімді адамдар» қайырымдылық шарасы шеңберінде 200 отбасына 2 млн теңгеге азық-түлік пакеттері таратылды.
Жалпы Қапшағай қаласы мен өңірінде бүгінгі күнге 1655 отбасына жалпы сомасы 10 млн 965 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген.