Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тағы 8 адам ауруханаға жүгінуге мәжбүр болыпты.
«Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.