Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020

Атырауда коронавирус жұқтырғандар 124 адамға көбейді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қызыл аймақтағы» Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар тағы 124 адамға көбейді.

Атырауда коронавирус жұқтырғандар 124 адамға көбейді

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан анықталып отыр. Теңіз кенішінде медициналық тексеріс кезінде  86  жұмысшыдан,  Жылыой ауданында 3, Қызылқоғада – 2, Мақатта – 2, Құрманғазы ауданында 2 адамнан Сovid-19 инфекциясы табылды. Коронавирустың симптомды түрі 16 науқаста бары белгілі болды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірде өткен тәулікте 103 адам коронавирустан сауығып шықты. Үй жағдайында әлі де 286 адам емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 117, ал аудандардағы стационарларда 31 емделуге жатқызылды. Ал Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда жатқан науқастар 574 адамға жетті.