Бүгінде облыс орталығында 88 мектепке дейінгі тәрбие мекемесі: 72 балабақша, 16 шағын орталық және 65 мектепалды сыныптары жұмыс істейді.
«2021 жылы мемлекеттік тапсырыс көлемі «Диами» ЖШС-не қарасты балабақшаларда 100, «Ардан» серіктестігінде 50 орынға ұлғаяды. 2022 жылы «Береке» шағын ауданында 280 орындық балабақша құрылысы басталады. Ал 2023 жылға қарай облыс орталығының «Юбилейный», «Қонай», «Аэропорт» шағын аудандарында 3 балабақша салынады. Мұның сыртында, Пушкин көшесіндігі 179-мекенжайда орналасқан бұрынғы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Әр балабақшаға 280 баладан келеді, - деді білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова.
Қостанай облысы