Білім • 30 Желтоқсан, 2020

Жаһандық жобаның жүйріктері

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында ана тілімен бірге ағылшын тілін жетік меңгерген оқушылар бар. Солардың қатарындағы 11-сынып оқушылары Ақбота Жұбатқан мен Айданур Демирджи халықаралық ғылыми жобалар сайысының үздігі атанып отыр.

Жаһандық жобаның жүйріктері

Олар жақында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында «MOSTRATEC» 35-халық­ара­лық білім көрмесіне қа­тысты. Онда әлемнің 35 елі­нен 752 оқушы бақ сынаған еді. Бұл додада Атырау облыс­тық дарынды балаларға ар­нал­ған мамандандырылған мек­теп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ақбота Жұ­батқан математика пәнінен І орынды иеленді. Білім ұясының тағы бір 11-сынып оқушысы Айданур Демирджи тарих пә­нінен ІІІ орын алды.

– Жаз маусымының аяқ­­талуына он шақты күн қал­ғанда сынып жетекшіміз  «Mostratec» атты халықаралық ғы­лыми жобалар сайысы өте­тінін хабарлады. Сол хабарды естіген соң дайындала бас­тадым. Алайда пандемияға байланысты аталған са­йыс қашықтан өтетін болды. Соған қарамастан, сайыс өте қы­зықты өтті әрі мол тәжірибе жи­надық. Байқау «Jitsi meet» атты видео-конференцияларға арналған мобильді қосым­ша­ның көме­гімен өтті. Біз өз жо­бамызды ағылшын тілінде қорғадық, – дейді Ақбота Жұбатқан.

Атыраулық оқушыларды атал­ған жобаға қыздар ли­цейі­нің бейінді оқу ісінің меңгеру­шісі Оксюз Рахман мен Х.Досмұ­ха­ме­дов атында­ғы Аты­рау мем­ле­кет­тік уни­­вер­ситетінің оқыту­шы­сы Ақ­қабыл Абиров дайын­даған.

 

Атырау облысы