Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020

Орталықтар сапасы сын көтермейді

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ADAL партиясынан депутаттыққа үміткер Ақмарал Бекмұрзаева үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жетекшілерімен және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өткізді.

Орталықтар сапасы сын көтермейді

Кездесу барысында мүм­кіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау шарттары мен медициналық көмек­тің сапасы талқыланды. Осы мә­селелер тұрғысынан норма­тивтік-құқықтық базаны жетіл­діру бойынша ұсыныстар да қа­ралды. ҮЕҰ өкілдері мен ата-аналар балаларды оңал­ту мәселесіне қатысты шағым­данды.

«Аймақтық миссиялар ке­зін­­де партияға осы проб­лема туралы көптеген хабар­ла­ма ке­ліп түсті. Бір­қатар аймақтар­да оңалту орта­лықтары жоқ, сондықтан балалар өмірлік маңызды оңалту көме­гін алмайды», деді Ақ­марал Бекмырзаева.

Кездесуге қатысушылар мәсе­ленің өзектілігін растады. Сондай-ақ олар дәрі-дәрмек­тердің жетіспеуін, медициналық қызмет көрсету проблемалары мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға дене шынықтыру орталықтарының жоқтығын атап өтті. Тағы бір маңызды мәселе – аналарға арналған пси­холо­гиялық көмек жоқ.

«Мүмкіндігі шектеулі баланы босанған анаға перзентханада психологиялық көмек көрсетілуі керек. Психолог әйелді қолдауы, оны ерекше қа­жеттілігі бар бала тәр­биелеуге дайындауы керек», деп атап өтті А.Бекмырзаева.

Жиынға қатысушылар да өз пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, ешкімнен тегін ештеңе сұрап отырған жоқ. Әйтсе де, олар мемлекет тарапы­нан көрсетілетін көмек уақ­тылы және шынайы, сапалы бол­ға­нын қалайды.

Ақмарал Бекмұрзаева ADAL партиясы бұл мәсе­ле­лерді қараусыз қалдырмай­тынын және сипатталған пробле­малар­дың нақты шешімдерін табатынын жеткізді.

«Осындай кездесу­лер­­дің арқасында біз бағдарла­­ма­мыздың мақсаттарын то­лық­тыруға және нақтылауға мүм­кіндік аламыз. Тіпті об­лыс орталықтарында да жағ­­дай нашар деп айтуға болады. Ал аудандардағы жағдай қан­­дай? Проблемалар  өте көп, ал­дымызда үлкен жұмыс тұр», деді ол.

Бұдан бөлек, ADAL пар­тия­сының өкілдері Алматы­да қаланың жас кәсіпкерлері­мен және стартаптарымен кез­десу өткізді. Іс-шараға Мә­жі­ліс де­­путаттығына кандидат­тар Ол­жас Ордабаев, Алина Ас­қарова және Нұрлыбек Малелов қатысты.

Партия үміткерлерінің аймақ­тар тұрғындарымен кез­десулері жалғасып жатыр. Алмасбек Садырбаев Алматы облысының Үшарал қала­сы­ның тұрғындарымен кез­десті. Тараптар субсидиялар мен шаруа қожалықтарын не­сие­лендіру мәселелерін талқылады. Партия өкіліне облыстың кейбір проблемалары, атап айтқанда, аграрлық секторға жердің жетіспеушілігі туралы айтылды. Өз кезегінде Алмасбек Садырбаев фермерлерге партия бұл мәселелерді қалай шешуді жоспарлап отырғанын айтты.