Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020

Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес бүгінде бір өңір ғана «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлағандай, 29 желтоқсанда Атырау облысы мен Қостанай облысы әлі де «қызыл» аймақтардың қатарында болатын. Дегенмен, бүгінгі матрица көрсеткіші Қостанай облысының «сары» аймаққа өткенін көрсетті.

Сонымен қатар «сары» аймақта Қостанаймен бірге Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы бар. Қалған облыстардың бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.