Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020

Алматыда 35 жоба іске қосылады

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматының индустриялық аймағында 5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 35 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы бизнесті дамыту жөніндегі жұмыстың қорытындылары және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының индустриалды аймағы директорының міндетін атқарушы Әділ Амралин айтып берді.

Алматыда 35 жоба іске қосылады

2020 жылы Алматы индустриялық аймағында жалпы сомасы 28,8 млрд. теңгеге, 442 жұмыс орнын құрумен 3 жоба іске қосылды:

  • 1) «ДорХан-Алматы» ЖШС металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларын, Автоматты қақпалары мен рольставтарын өндіру зауыты, жобалық қуаты жылына 12 125 бірлік бұйым, 42 жұмыс орнын құрумен, құны 417 млн.теңге.
    2) құны 28 млрд. теңге, жылына 45 мың дана автокөлік шығаратын жобалық қуатымен және 350 жұмыс орын ашатын «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС автокөлік құралдарын шығаратын зауыты.
    3) құны 443,4 млн. теңге, жобалық қуаты жылына 29 млрд. медициналық бұйымды құрайтын, 50 жұмыс орнын ашатын, бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын "Алмерек" ЖШС зауыты.

Жақын арада жалпы сомасы 16,8 млн. теңгеге тағы 5 жобаны ("Рахат СК" ЖШС автоклавты қатыру жылу-газ блогын өндіру зауыты, "Техноконт" ЖШС орташа вольтті жиынтықты тарату құрылғыларын өндіру зауыты, "Valtherm" ЖШС алюминий және биметалды жылыту радиаторларын өндіру зауыты, "КМК Investment" ЖШС кабель-өткізгіш өнімдерін өндіру зауытының екінші кезеңі, "Г.С.Г. Высотник" ЖШС автоклавты ұяшықты газобетон өндіру зауыты) іске қосу жоспарлануда. Осы жобалардың арқасында 388 жаңа жұмыс орны ашылады.

2021 жылы және одан кейінгі жылдары Алматының индустриялық аймағында 5 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде экспортқа бағдарланған 15 кәсіпорынды құра отырып, сомасы 119,7 млрд.теңгеге 35 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта аталған резиденттер бөлінген учаскелерде жобалау, құрылыс, іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылы индустриялық аймақ аумағында келесі құрылыс салушылар 5 өнеркәсіптік паркті салу және реконструкциялау жоспарланған.

 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30