Мәміле талаптарына сәйкес, АТФБанкінің 124 млрд теңге көлеміндегі меншікті капиталы қосымша провизияларды құру үшін жұмсалды. Ағымдағы акционер шығынды жапқаннан кейін, Jýsan Bank реттеушінің талаптарына сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыра отырып, АТФБанкті 97 млрд теңге көлемінде қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.
АТФ банкты сатып алу нәтижесінде Jýsan тобына кіретін екі банктің активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңге немесе Қазақстанның банктік секторының активтерінен 10% құрайтын болады деп күтілуде. Екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің жиынтық мөлшері 1,3 трл.теңгеден асады, бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.
«Біз Қазақстан нарығында бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан банктердің бірі – АТФБанктің Jýsan тобына қосылғанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда АТФБанк өз өтімділігін айтарлықтай көбейтті, провизиялардың қажетті деңгейін қалыптастырды және сенімді қаржы құралы болып табылады. Біздің келесі қадамымыз – екі банктің клиенттік базаны одан әрі кеңейтуге және заманауи цифрлық сервистерді ұсынуға баытталған ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу, – деп атап өтті Jýsan BankДиректорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу. – Айта кететін тағы бір маңызды жайт – біздің барлық серіктестеріміз Ресей мен Қырғызстандағы еншілес банктер арқылы жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін алады».
Бүгінгі таңда Jýsan тобына банктерден басқа сақтандыру, брокерлік қызмет көрсету және инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынатын қаржы компаниялары кіреді.
«Мен жақын арада біздің тобымыздың сервистері ұсынылатын АТФБанк клиенттеріне «Қош келдіңіздер» дегім келеді, – дейді Jýsan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Жеке тұлға клиенттер бірыңғай мобильді қосымша арқылы банктік, сақтандыру және инвестициялық қызметтерді алуға арналған жаңа цифрлық шешімдерді қолданып, өз бағасын бере алады. Бизнес өкілдеріне смартфон арқылы шоттар ашу және қажетті банктік операцияларды сол сәтте жасау мүмкіндігі қолжетімді. Барлық клиенттер Jýsan Mobile мобильді операторымен ұялы байланыстың тиімді шарттарына ие болады. Екі банктің синергиясы бизнестің өркендеуі мен клиенттердің күнделікті өмірі үшін көптеген жаңа шешімдер ұсына алатындығына сенімдімін».
АТФБанктің клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі барлық ағымдағы сервистері жұмысын қалыпты режимде жалғастыруда.
АЛМАТЫ