Қоғам • 31 Желтоқсан, 2020

Жеке кәсіпкерлікті үйден шықпай тіркеуге болады

161 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Бұдан былай қазақстандықтар үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.

Жеке кәсіпкерлікті үйден шықпай тіркеуге болады

Жеке кәсіпкерлікті аталған сервис­те бірнеше рет басу арқылы ашуға болады. Яғни «ЖК болу» сілтемесі бойынша өту жеткілікті. Одан кейін жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды. Қызмет композитті екенін атап өту маңызды, яғни өтініш берушілер ЖК-ны онлайн тіркеп, ЖК-да шотты бір терезеде бірден аша алады.

«Біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша жеңілдету бо­йынша жұмыс істеп жатырмыз және қазақстандықтарға ЖК тіркеудің баламалы тәсілін ұсынудамыз. Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі баяндамасының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау. Сондықтан, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін процестерді оңтайландыруға жұмыс істейміз. Осындай біріктіруді басқа банктермен және ұйымдармен де жүргіземіз. Цифрландыру барысында монополия жоқ, бірақ мақсатымыз – пайдаланушылардың қызметті үздіксіз алуын қамтамасыз ету. Мемлекет осы процестерде байқалмайтындай болуы тиіс», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бұдан басқа, ЖК ашқаннан кейін санаулы минуттарда кәсіпкерлер банк­те шот ашып, корпоративтік карта шығарып, Onlinebank бизнесіне арналған мобильді қосымшасы арқылы өз шоттары мен карталарын қашықтан басқара алады.

«Біздің барлық әзірлемелеріміз клиенттердің ұсыныстарын ескере отырып іске қосылады, ал икемді жүйе оларды бейімдеуге және жетілдіруге мүмкіндік береді. Біз бизнес барысында өз ісін дамытуда қолдау қажет екенін түсінеміз. Сондықтан ЖК тіркеу қызметі біздің клиенттеріміз үшін қажетті сервис. Қызмет алуда қашықтан қол жеткізу өте маңызды», дейді Halyk Bank Транзакциялық сату департаментінің директоры Гүлсім Душатова.

Оның айтуынша, Onlinebank бизнеске арналған қосымшасы бизнестің жұмыс істеуі үшін көптеген пайдалы және ыңғайлы сервистермен жабдықталған. Бұл арқылы бизнес клиенттер шоттарды басқара алады, 24/7 өзара есеп айырысуды жүргізеді, шоттар бойынша барлық қажетті ақпаратты лезде ала алады, бизнесті тегін сауда алаңында дамытады, онлайн бухгалтерияны жүргізетін болады. Бұл ісін енді бастаған жеке кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Сервис салықтардың, аударымдардың сомасын дербес есептейді, сондай-ақ мағлұмдаманы МКБ-ға жібереді.

Жеке кәсіпкерліктің Halyk Bank қосымшасы арқылы тіркелуі жеке кәсіпкер болуды тексеру, жеке кәсіпкер қызметінің басталуы туралы хабарламаны және талонды қалыптастыру бойынша қосымша сервистерді құру арқылы мүмкін болды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен, Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қорымен және банкпен біріктіру арқылы жүргізілді. Сервис веб-нұсқасынан да, Onlinebank бизнесіне арналған мобильді қосымшасынан да қолжетімді. Қосымша Play Market және App Store-да жүктеуге болады.

Айта кетелік, қызметті алу үшін азамат openaccount.halykbank.kz сілтемесіне өту немесе бизнеске арналған Onlinebank қосымшасын жүктеуі қажет. Бұдан әрі тиісті қызметті таңдап, өз бизнесіңіз туралы ең қажетті ақпаратты толтырасыз. Содан кейін ғана ЖК бірден тіркелетін болады.