Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2020

Атырауда кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге бөлінді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, биыл кәсіпкерлерді қолдауға  4,9 млрд теңге  бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге  бөлінді

«Президент тапсырмасына сәйкес, «Бизнеске арналған үкімет» жобасы жүзеге асырылды. Қазір кәсіпкерлерге бір ғимаратта бірнеше қызмет түрін көрсету, кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізілді. Жыл сайын облыста шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны артып келеді. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 127,2 мың адамды құрады», деді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар мен қабылданған шаралар кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беріп отыр. Биыл осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге бөлініп, 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі көмек алды. Нәтижесінде 3371 жұмыс орны сақталды. Енді жаңадан 680 жұмыс орны құрылмақ.

Сондай-ақ, өңірде экономиканы тұрақтандыру, бизнеске қолдау білдіру үшін салықтық ынталандыру мақсатында талдау жүргізіліпті. Нәтижесінде жекелеген санатқа кіретін  20 833 кәсіпкерлік субъектісіне 5,8 млрд. теңге көлемінде салықтық жеңілдіктер қарастырылыпты.