Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2020

Оралда 216 пәтерлік үй пайдалануға берілді

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында 216 пәтерлік тұрғын үй пәтер кезегінде тұрған азаматтарға тапсырылды. Жаңа жыл қарсаңында қуанышқа кенелген тұрғындарға пәтер кілтін облыс әкімі Ғали Есқалиев салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда 216 пәтерлік үй пайдалануға берілді

Жаңа жыл қарсаңында Орал қаласының солтүстік-шығыс ауданында тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 216 жанұя жаңа баспанаға қол жеткізді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген көп қабатты тұрғын үй баспана кезегінде тұрған көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балаларға, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұяларға берілді.

Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын тұрғын үйдің жобалық құны 1,8 млрд теңге. Құрылысты жүргізген СКФ «Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно үйдің құрылысы 2018 жылы басталғанын, пандемия кезінде кедергілерге қарамастан тек сапалы құрылыс материалдарынан салып шыққанын айтады. Сәулетті үй 144-і – бір бөлмелі, 72-сі – екі бөлмелі пәтерден тұрады.

– Бүгін біз үшін көптен күткен қуанышты күн. Пәтер кезегінде тұрғанымызға 6 жыл болды. Әр баланың несібесі бар дейді, балаларымның несібесі бүгінгі күнге бұйырып тұр екен. Біз сияқты баспанаға мұқтаж болған отбасыларға жаңа жылда жаңа пәтер бұйырсын деп тілеймін, –отбасы жаңа үйден екі бөлмелі пәтерге ие болған.