Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2020

Қостанайда шаңғы базасы ашылды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында шаңғы базасы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда шаңғы базасы ашылды

Ақжолтай жаңалықты облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жеткізді.

«Бүгін Қостанай қаласында шаңғы базасының ашылуына қатыстым. Шаңғы базасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Қостанай облысы Қазақстан Республикасында қысқы спорт түрлерінде жетекші орынды иеленеді, қостанайлық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысу үшін Ұлттық Олимпиада құрамасына тұрақты түрде кіреді», деп жазды аймақ басшысы Instagram парақшасында.

Базада ұзындығы 2500 метр сапалы жарықтандырумен асфальтбетон жабыны бар шаңғы-роллер трассасы жабдықталған.

Бұл жыл бойы оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ душ бөлмесі бар алты шешіну бөлмесі, әмбебап тренажер залы, массаж кабинеті бар қалпына келтіру блогы, медициналық кабинет және тамақтану пункті бар әкімшілік корпус салынды.

«Шаңғы базасы 300-ден астам балалар мен жасөспірімдердің спорт шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысушы жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға серпін береді», дейді Архимед Мұхамбетов.