Қоғам • 01 Қаңтар, 2021

Жол құрылысының қарқыны қандай?

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфра­құрылымдық даму минис­тр­лігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов «Қаз­Авто­Жол», «Жол ак­тив­­­те­рінің ұлттық сапа ор­та­лы­ғы» және «Қазақ­авто­жол­дың» Пав­лодар және Шы­ғыс Қа­зақ­­стан облыс­та­рын­дағы фи­лиал­­дары­ның ұжым­да­ры­мен кез­­десті.

Жол құрылысының қарқыны қандай?

Жиын барысында 2020 жыл­дың құрылыс маусымы бо­йынша қорытынды шығарылды. Мәселен, Павлодар облысындағы «Нұр-Сұлтан – Павлодар» рес­­­пуб­ликалық тас жолында реконструк­циялау жүргізілді. Атал­­ған облыста күрделі жөндеу 44 шақырым жолда іске асқан. Ал 76,5 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ об­лыстағы жергілікті жолдарда да ауқымды жұмыс атқарылуда.

Шығыс Қазақстан облысында биыл «Қалбатау-Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Осин асуы» автомобиль жолдарын қал­пына келтіру жұмыстары жү­зе­ге асты. Бұдан бөлек, «Ащысу ар­­қылы», «Семей – Қайнар», «Өс­кемен – Алтай – Үлкен На­рын – Ка­тон­қарағай – Рахман қай­нары», «Қарағанды – Аягөз – Тар­бағатай – Боғаз» тас жолдары да жөндеуден өтті.

Комитет төрағасы биыл жолшылар үлкен жұмыс атқарғанын, келесі жылы да өңірлерде ауқым­ды жобалар іске асаты­нын алға тартты. Мысалы, Шы­ғыс Қазақстан облысы Күр­шім ауданында Бұқтырма су қой­масы арқылы көпір өткелін салу жоспарланған. Сондай-ақ «Шар – Бақыршық», «Омбы – Май­қапшағай – Шілікті – Ақжар», «Октябрь өткелі – Алтай – Ново-Хайрузов» және «Манат ауылына барар жол» автожолдарына орташа жөндеу жүргізу көзделіп отыр.

Комитет жетекшілігінің ел ай­мақ­тарындағы ведомстволық ба­ғынысты және аумақтық бөлім­шелер ұжымдарымен кездесулері жалғасады.