Аймақтар • 03 Қаңтар, 2021

Алматыдағы эпидемиялық ахуал күрделі

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы ақпараттарға сәйкес, яғни 3 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыдағы эпидемиялық ахуал күрделі деуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы эпидемиялық ахуал күрделі

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматының қазір «сары аймақта» екенін атап өтті.

2020 жылдың басынан бері қала аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 мыңнан астам адам, сонымен бірге, анықталмаған пневмонияның 1423 оқиғасы тіркелген.

Желтоқсан айында КВИ-дің 2256 оқиғасы тіркелді. Желтоқсан айының 4 аптасының қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларына эпидемиологтардың жүргізген зерттеулері инфекцияны жұқтыруға 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар әлдеқайда бейім екенін көрсеткен, төрт аптада бұл жастағылар ауырғандардың 64 пайызын құраған.

Алматы қаласында қоғамдық орындар, оның ішінде дүкендер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары, СОО және базарлар инфекция ең көп жұғатын орындар болып қалуда. Халықтың КВИ жұқтыру орындарының құрылымында келесі орындар басым: сырқаттанған адамдардың қоғамдық орындарға келуінің үлес салмағы - сауда үйлері, дүкендер, дәріханалар, СОО, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, медициналық ұйымдар, 20-дан 40 жасқа дейінгі жастардың қатысумен отбасылық іс-шаралар (39%), олар сырқаттанған адамдардың 35%-ын және 40-тан 60 жасқа дейінгі адамдар-29%; отбасының науқас мүшелерімен байланыс (35%) және қалалық көлік (17%).​

Өткен тәулікте қала бойынша 100-ден астамның індет жұқтырғаны тіркелді, олардың 30 пайызында ауру клиникалық симптомсыз өтуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарына мүмкіндігінше қоғамдық орындарға барудан бас тартып, дүкендерде, СОО, базарларда және қоғамдық басқа да орындарда әлеуметтік қашықтық сақтау ұсынылады. Сондай -ақ, бетперде тағуды жалғастырып, оларды тағудың және ауыстырудың ережесін сақтау керек.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45