Сайлау • 05 Қаңтар, 2021

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың
тізімін тексеру туралы»

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және  мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және  мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанынан бастап азаматтар тиісті сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдерімен таныса алады.

Әрбiр азамат сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы.

Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды.

Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгiзудi дереу жүргiзедi.

Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.