4 қаңтарда сағат 02.10-да Курчатов қаласының құтқарушыларына алыс жолға шығатын жүргізушілер өтініш білдірді.
Павлодар облысына қарай блок бекетінде дизельді отынмен жүретін «Шансиман» маркалы 7 көлік жанармайы қатып қалғандығынан жүре алмай, тоқтап қалған екен. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖБ мен 15-ӨСБ құтқарушылары 15 азаматты жылыту бекетіне жеткізіп, жергілікті атқарушы орган тамақтануды ұйымдастырды.