Ведомствоаралық комиссия «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарға қатысты мәлімет берді. Оның мәліметінше, Қазақстанда «қызыл аймақта» бірде-бір өңір қалған жоқ. Сонғы кездері ол аймақта Атырау облысы болатын. Кейін ол «сары» аймаққа өтті. Сондай-ақ, бұл аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы бар.
Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік Денсаулық министрі Алексе Цой маусым-шілде айында жазылып шыққандар қатары 60% аспайтынын айтқан еді. Дегенмен, республика қауіпі төмен – «жасыл» аймақта тұрғанын еске салды. Сондай-ақ ол тәуекелі жоғары немесе «қызыл» аймақта Атырау облысы қалды, тәуекелі орташа немесе «сары» аумақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары қалғанын да қоса кетті.