Коронавирус • 06 Қаңтар, 2021

Өткен тәулікте 215 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз келген

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 5 қаңтарда халықаралық авиарейстермен ұшып келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте 215 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз келген

5 қаңтарда Германия, Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 940 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 215 Қазақстан азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз - 140;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз - 4;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 56;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы анықтамамен келді;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 4 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 162 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.