Елорда • 06 Қаңтар, 2021

Елорданың СОО-ларында маска режімінің сақталуы тексерілді

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Топ құрамындағы елорда әкімдігі Кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция бойынша басқармасының қызмет көрсету және сауданы дамыту бөлімі, санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы өкілдері және полиция қызметкерлері бар мониторингтік топ елорданың сауда-ойын-сауық орталықтарына барып, жұртқа маска режімі мен санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорданың СОО-ларында маска режімінің сақталуы тексерілді

«Біздің мақсатымыз — түсіндіру. Яғни маска тағу және оны дұрыс тағу, 2 сағат сайын ауыстыру, осындай қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық сақтау, қолымызды үнемі зарарсыздандырудың маңыздылығын тұрғындар есіне тағы бір рет салуға келдік. Бұл нормаларды тек келушілердің ғана емес, сонымен қатар аталған сауда нысандарындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің де сақтауы қажет, бұл ретте біз елорданың бас санитар дәрігерінің нормаларын басшылыққа аламыз», дейді Кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция бойынша басқармасының қызмет көрсету және сауданы дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Оның айтуынша, сауда орталықтары бойынша айталықтай заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Іс-шараға қатысушылардың ақпараты бойынша, алдыңғы мониторингтік жұмыстың нәтижелері санитарлық нормалар негізінен қоғамдық тамақтану орындарында бұзылатынын көрсетті.

«Маска кию өте маңызды, мысалы, егер науқас адам маска киіп жүрсе, онда ол жақын маңдағы адамды инфекциядан 15% қорғайды. Сондай-ақ, бетперде киген адам науқаспен бірге болған жағдайда 70%-ға инфекцияны болдырмауы мүмкін», дейді Сарыарқа ауданы санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлден Конкабаева.

ШОБ объектілері жол беретін негізгі бұзушылықтарға бұқаралық іс-шараларды өткізу, жұмыс режимін, келушілердің белгіленген санын (30-дан астам), қызметкерлердің (даяшылар, сатушылар) бетперде режімін сақтамау, ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салуды елемеу жатады.

Елорданың санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдың 5 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 1 454 жеке, лауазымды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.