Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021

85 миллион теңге: Оралда қар үстіне тас төсемек болғандардың ісі әшкере болды (видео)

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда қарға тас төсеп жатқандардың видеосы тарады. Әшкере болған жұмысқа тапсырыс берушілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.Мердігер ұйымның қызметкерлері Ярославская көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жергілікті тұрғындар құрылысшылардың қарға тас төсеп жатқанын видеоға түсіріп алған. 

85 миллион теңге: Оралда қар үстіне тас төсемек болғандардың ісі әшкере болды (видео)

Жұмысқа тапсырыс беруші Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі (ТКШ, ЖК және АЖ) екені белгілі болды. Мұнда мердігер «Қазқұрылысгарант» ЖШС екені хабарланды. Жоба сомасы - шамамен 85 миллион теңге.

«Бұл жұмыстар бюджет қаражатынан төленбейді. Мердігер ұйым жобаны мерзімінде аяқтай алмады. Біз мердігерді Мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз бердік», деді Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Гүлсана Бердіғали.

Мердігер ұйымның басшысы жұмысты оның қызметкерлері жүргізгенін мойындады.

«Тұрғындар ауданы 15 шаршы метр учаскеде тас төсеу жұмыстарын видеоға түсіріп алған. Бұл көшеде екі жаңа ғимарат салынып жатыр. Ауыр техника төселген тастарды қиратты. Бізде осы құрылыс материалының екі пакеті қалды. Мен оларды осы жерге салуды шештім», деді «Қазқұрылысгарант» ЖШС директоры Сафа Азизов.