Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлық-
тың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта
түседі.
Православие христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.
Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.
Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!