Үкімет • 07 Қаңтар, 2021

Асқар Мамин: Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түседі

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин: Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түседі

Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын.

Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді.

Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді.

Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі.

Православ христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін!

Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын.