Парламент • 07 Қаңтар, 2021

Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

«Қазақстандағы православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да мейірімді мейрам әрбір үйге, әрбір отбасына амандық, бақыт, тыныштық әкелсін!» - деп жазды Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл мереке қазақстандықтарды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақырады. Нұрлан Нығматулин осы жолда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашанда ұлтаралық татулықты, халықтар бірлігі мен дінаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударғанын айта келе, елімізге тұрақтылық, барша қазақстандықтарға зор денсаулық тіледі.