Ауа райы • 07 Қаңтар, 2021

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз болады

1892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» қаңтардың 7-сі күнгі ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз болады

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 7-ші қаңтар күні Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында және күн аязды болады.

Тек республиканың солтүстік-батысында, күндіз батысында, түнде оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батысында – көктайғақ байқалады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-12 метр жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Түнде Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.