Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

БАҚ өкілдері сайлау учаскесіне ПТР талдауынсыз кіре алады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында сайлау учаскелерінде БАҚ өкілдеріне ПТР талдаудың қажеттігі болмайтынын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

БАҚ өкілдері сайлау учаскесіне ПТР талдауынсыз кіре алады

«БАҚ өкілдеріне ПТР тестілеуден өту міндеттелмейді. Себебі олар сайлау учаскелерінде тәулік бойы жүрмейді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар, бақылаушылар комиссиясының мүшелері, жұмыскерлер ПТР талдауын тапсыруға міндетті», деді Жандарбек Бекшин.