Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Аязды күндері полицейлер көмек көрсеткен

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аязды күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200-ден астам патрульдік полиция жасағы, оның ішінде қала сыртындағы тасжолдарға қызмет көрсететін 36 жасақ жұмылдырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аязды күндері полицейлер көмек көрсеткен

Жаңа жылдың алғашқы аптасы аязды болды. Сол кездері полиция департаментінің қызметкерлері жол бойында 90 жүргізушіге көмек көрсеткен.

2 қаңтарда Өскемен - Самар бағытында жүргізушінің көлігі бұзылып, жолда қалған. Дер кезінде келген полиция инспекторлары көлікті эвакуаторға тиеуге көмектесті.

Алтай - Өскемен бағытындағы тас жолда келе жатқан жеңіл көлік өшіп қалған. Ауа температурасы күрт төмендеп, жолаушылар тоңазыған. Көмекке жедел жеткен полицейлер жолаушыларды өз көліктеріне жайғастырып, олардың көліктерін оталдыруға көмек көрсеткен.

«Қатты аязда полиция қызметкерлері ең алдымен қиын жағдайға тап болған облыс тұрғындарына көмек көрсетуге тырысады, сондай-ақ жолдағы тәртіп те назарда», - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ, Аягөз қаласының полиция патруль қызметкерлері Семейге бара жатқан жүргізушіге қол ұштарын созған. Оның көлігі қатты аязда сынып қалған. Полицейлер  автокөлікті жөндеу стансасына жеткізіп, жүргізушініні қонақүйге орналастырған.

ШҚО Полиция департаменті тағы қайталап аязды күндері елді мекен аумағынан тыс шықпауды ескертеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы