Кәсіпқой бокс • 08 Қаңтар, 2021

Төрт белбеу үшін жұдырықтасады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садрид­дин Ахмедов 30 қаңтарда төрт бірдей белдік үшін жұдырықтасады.

Төрт белбеу үшін жұдырықтасады

Бұған дейін Мексикада өтетін бокс ке­шінде жерлесіміз нидерландтық Стивен Даньомен бірінші орта салмақтағы WBA Continental белдігін сарапқа салады деп хабарланған болатын. Алайда күні кеше Journaldemontreal.com басылымы екі бокс­шы тағы үш белбеу үшін, яғни NABF, WBC Francophone және NABO тұжырымы бойынша жұдырықтасатынын хабарлады.

31 жастағы Стивен Даньо бүгінге дейін 23 мәрте рингке көтеріліп, 17 рет жеңіске жеткен. Алты қарсыласын нокаутпен ұтып, үш кездесуде жеңіліп қалған. Тағы үш бәсекеде тең есеп тіркелді. Ал 22 жастағы Садриддин Ахмедов кәсіпқойлар арасында 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 10 қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірген. Жерлесіміздің еншісінде WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы деген атағы бар.