Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

Қызылордада карантин талабын бұзғандар анықталды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 8 қаңтар 02:46 Қызылордада карантин талабын бұзғандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада карантин талабын бұзғандар анықталды

 

Қызылорда облысында жыл басынан бері карантин талабын бұзған 4 жағдай анықталды.

Олардың 2-еуі Қызылорда қаласында, қалғаны Шиелі және Қазалы аудандарында тіркелген. Барлығында кафе иелерінің шекті уақытты сақтамай, карантин режімін бұзғаны анықталды.

«Бұл жағдайлар 4 қаңтарға дейін тіркелген. Одан бергі үш күнде мұндай келеңсіздіктер болған жоқ. Оларға 444 мың теңгеден астам айыппұл салынды», деді Қызылорда облысы Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Қызылорда облысында 2020 жылы карантин талабын бұзған 900-ден астам дерек тіркелген. Олардың 543-і той жасауға қатысты болған. Өңірде бұл мақсатта арнайы құрылған 24 мобильді топ жұмыс жасап жатыр.