Әлем • 08 Қаңтар, 2021

Қытайда фабрикадағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарылыс Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясына қарасты Нинсяндағы зауытта орын алған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Қытайда фабрикадағы жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды

Фото: Анна Раткогло

Жарылыс 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 18:12-де қолданылған батареяларды өңдеумен, сондай-ақ аккумуляторлық материалдар шығарумен айналысатын Hunan Brunp Recycling Technology компаниясы зауытының цехтарының бірінде болды.

Зардап шеккендердің алтауы ауыр жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алып жатыр.