Қазақстан • 09 Қаңтар, 2021

ТМД бойынша конструкцияның сейсмикалық төзімділігін тексеретін бірегей машина Қазақстанда ғана сақталған

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД елдерінің ішінде жалғыз Қазақстан сыналған құрылымды резонансқа енгізетін, сол арқылы 9 баллдық жер сілкінісіне еліктейтін бірегей В-3 вибродинамикалық машинасын сақтай алды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

ТМД бойынша конструкцияның сейсмикалық төзімділігін тексеретін бірегей машина Қазақстанда ғана сақталған

Сейсмикалық төзімділікті тексеретін сынақтарды Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ғалымдары жүргізеді.

2020 жылдың соңында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары жаңа заманауи Modex зауытында шығарылған көлемді блоктарды ауқымды сынаудың келесі кезеңін аяқтады.

1

Көлемді блоктарды қолданатын модульдік тұрғын үй құрылысы Қазақстанда бұрын қолданылмаған, сондықтан ғылыми зерттеулер мен эксперименттік сынақтарды қажет етті. Бұл эксперименттік зерттеулер Қазақстан үшін маңызды болды, өйткені модульдік блоктарды пайдалану құрылыс уақытын айтарлықтай қысқартады. Мәселен, болашақта 16 қабатты тұрғын үй салуға төрт ай ғана уақыт кететің болады.

«Мамандар үнемі осыған дейін елде қолданылмаған құрылымдарды сейсмикалық төзімділігін эксперименталды түрде тексеріп отырады. Тексеру нәтижелері бойынша жаңа құрылымдар жер сілкінісі қаупі бар аудандарда пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасалады», - Жаймбетов Мархабат Жайымбетұлы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.