Білім • 09 Қаңтар, 2021

Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеруге қанша қаржы бөлінді?

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес биыл мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеруге қанша қаржы бөлінді?

Жалпы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бірінші өсім 2020 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл шарамен мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, колледждер, қосымша білім беру жүйесі қамтылды.

2021 жылдың нақтыланған бюджеті аясында Алматы мұғалімдерінің жалақысын 25%-ға көтеру үшін республикалық бюджеттен 30,8 млрд теңге бөлінді. Мегаполистегі мемлекеттік мекемелер – мектептер мен колледждерде, балабақшалар мен интернаттарда, мектептен тыс ұйымдарда 32 мың педагогикалық қызметкер жұмыс істейді.

Бұлардан өзге, сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар қарастырылған. Айта кетерлігі, бұрындары магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу болмаған, олар бірінші рет енгізіліп отыр, ал бұрынннан бар сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексерудің қосымша ақылары екі есе өсуде.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі мұғалімдерді кәсіби жетістіктерін ынталандыру үшін қаржы бөлуді қарастырған еді. Осыған орай, қала әкімі Б. Сағынтаевтың ұсынысы бойынша «Үздік педагог», «Үздік педагогикалық ұжым» байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді.