Әлем • 10 Қаңтар, 2021

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Қырғызстандық БАҚ президенттікке үміткерлер мына адамдар екенін айтты:

Садыр Жапаров;
Қанатбек Исаев;
Мықтыбек Арыстанбек;
Клара Сооронқұлова;
Имамидин Ташов;
Әбділ Сегізбаев;
Адахан Мадумаров;
Аймен Қасенов;
Улукбек Кочкоров;
Женишбек Байгуттиев;
Эльдар Абакиров;
Курсан Асанов;
Арыстанбек Әбділдаев;
Равшан Жээнбеков;
Бақтыбек Калмаматов;
Бабыржан Төлбаев;
Қаныбек Иманалиев.

Еске салайық, 2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өткен еді. Онда билеуші партия жеңіске жетті, бірақ оппозиция тарапы бұған келіспеді. Елде жаппай наразылықтар басталды. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды. Осылайша қырғызстандық ОСК сайлау қорытындысының күшін жойды.

Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктер президент Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін тоқтады. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы және премьер-министр Садыр Жапаров болды. Ол бұған дейін 2012 жылы билікті күшпен басып алуға тырысқаны үшін сотталған және колонияда болған. Алайда наразылық білдірушілер оны босатып алып, Жоғарғы сот аталған оқиғадан кейін оны ақтап шықты.