Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сайлау учаскесінің төрағасы Марат Мусиннің айтуынша, учаскеде 3 592 сайлаушы тіркелген.
«Учаске уақытында ашылып, сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр. Дауыс беруге келу қарқыны жақсы. Сайлау учаскесіндегі барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес іске асырылды», - деді учаске төрағасы.
Учаскеге сағат 06:00-ден бастап байқаушылар және БАҚ өкілдері келді. Таңертеңнен бері байқаушылар тарапынан ескертулер боған жоқ деді ол.
Учаскеде дауыс беру залы орталық холда орналасқан. Сайлаушыларды негізгі кіреберістен кіргізіп жатыр. Ол жерде алдымен күзет қызметінің тексерісінен өту керек.
Одан кейін ішке қарай кіруге рұқсат бар. Сайлау учаскесінің мүшелері шыны тосқауылдың арғы жағында отырады. Ал бюллетендерді астынан береді. Бұл - сақтық шаралары.
Еске сала кетейік, елімізде Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Қазақстан бойынша 10 061 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұтастай сайлаушылардың саны 11 млн 820 мың адамды құрайды. Нұр-Сұлтан уақыты сағат 10.00 бойынша электораттың 11,6% дауыс беріп үлгерді.
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар