Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Атырауда вахтадағы 35 370 жұмысшы қалай дауыс береді?

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, вахталық әдіспен жұмыс ​істейтін 35​ 370 жұмысшыға дауыс беру ұйымдастырылуда. Оның ішінде Атырау облысында тұратын 17​ 203 адам бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда вахтадағы 35 370 жұмысшы қалай дауыс береді?

Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 30​ 449, Мақат ауданы аумағындағы Қарабатан елді мекені тұсындағы нысандарда 2600, «Қашаған» кен орныда​ 437 адам жұмыс істейді. Ал «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Жылыой, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарындағы өндіріс орнында 1884 адам еңбек етіп жатыр.

«Сайлау учаскелері құрылмаған, жол қатынасы қиын аумақтарда сайлаушылардың өтініші негізінде дауыс беру ұйымдастырылады. Дауыс берушілер бұл үшін учаскелік сайлау комиссиясына 10 қаңтар, сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш қалдыруы тиіс. Осы құқықты жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты пайдалана алады. Бұл жағдайда сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беру ұйымдастырылады. «Қашаған» кен орнына арнайы тікұшақ жіберіледі», хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан.

Атырау облысының коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл аймаққа» енуіне байланысты өндіріс мекемелерінде қатаң санитариялық шектеулер енгізіліп отыр. Осыған орай объектіге кірген және шыққан азаматтарға карантиндік талаптарды қатаң ұстану міндеттеліп отыр. Сонымен қатар дауыс берушіде міндетті түрде ПТР сынамасының теріс қорытындысы болуы тиіс.