Президент • 10 Қаңтар, 2021

Президент: Бұл сайлау елдегі демократияны дамытудың басты қадамдарының бірі болады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz. Сондай-ақ Президент баспасөз брифингінде сайлау - кез келген елдің өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті. 


Президент: Бұл сайлау елдегі демократияны дамытудың басты қадамдарының бірі болады

"Бүгін халқымыз үшін ерекше күн. Себебі сайлау - кез келген елдің өміріндегі маңызды оқиға. Бәріміз ұлт болып, халық болып дауыс беріп жатырмыз. Бұл сайлау халқымыздың одан әрі дамуына одан әрі серпін береді. Жалпы, Парламентке неғұрлым көп партия кірсе, еліміздің болашағы үшін жақсы болады деп үміттенемін. Сондықтан сайлау жақсы әрі әділ болады деп ойлаймын", деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев Парламенттің негізгі міндеті сапалы түрде заңдарды қабылдау екенін де сөз етті. Президенттің айтуынша, Қазақстан үшін сапалы заңнама жүйесі керек.

"Бұл сайлау елдегі демократияны дамытудың басты қадамдарының бірі болады деп ойлаймын. Әр сайлау азаматтық қалыптасуындағы маңызды емтихан. Парламентімізде түрлі партия болады деп үміттенемін. Елдің дамуы үшін Парламентте ашық пікірталас болуы қажет. Сондай-ақ Парламент сапалы заңдар қабылдауы керек.

Азаматтық қоғамның сайлауалды науқанындағы белсенділігі жоғары. Үміткерлер көп. Әр үміткерге тең жағдай жасалды. Жалпы, сайлау заңға сәйкес өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық байқағанымыз жоқ. Дегенмен, қадағалап отырмыз. Бұл сайлау халқымыз, азаматтық қоғам үшін үлкен сынақ. Сондықтан бәрі жақсы өтеді деп ойлаймын", деді ол.