Президент • 10 Қаңтар, 2021

15 қаңтарда өзекті мәселе көтеріледі - Президент

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз брифингінде қаңтардың 15-і күні өзекті мәселе көтерілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

15 қаңтарда өзекті мәселе көтеріледі - Президент

"Қаңтардың 15-і күні Парламент депутаттарының алдында сөз сөйлеймін. Сонда бірнеше өзекті мәселе көтерілмек. Ең алдымен реформалар бойынша айтылады. Реформаларды жалғастыру керек.

Сондай-ақ Ұлттық сенім кеңесінің жиыны өтпек. Бұл іс-шарада да маңызды реформалар топтамасы талқыланады", деді Мемлекет басшысы.

Президент баспасөз брифингінде АҚШ-тағы ахуалға қатысты да өз пікірін айтты.

- Бүкіл әлем секілді Қазақстан да АҚШ-тағы ахуалды мұқият бақылап отыр. Сайланған президент Джо Байденнің шешімімен келісеміз. Америка демократиясының цитаделі - Капитолийді басып алу заңсыз, экстремизм екені сөзсіз. Бұған қатысты тиісті шаралар қабылдануы керек. АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас дами түседі деп үміттенемін. АҚШ 1991 жылы ресми түрде Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет. Біздің тарапымыздан екіжақты қарым-қатынасты нығайта беруге күш саламыз, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.