Ольга Рыпакова Өскемендегі нөмір 47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесіне келіп дауысын берді.
Спортшы кәмелеттік жасқа толғаннан бері бірде-бір сайлаудан қалмаған. Қайда жүрсе де, өз таңдауын жасап отырған.
– Сіздің дауысыңыз маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өзім дауыс бердім. Елдің өркендеуі үшін көптеген шаралар, бағдарламалар атқарылып жатыр. Ал сайлаудан кейін ел дамуы жолындағы игі істер еселене беретіні анық, – деді чемпион.