«Біздің сайлау учаскесінде тіркелген ең қарт сайлаушы Надимулла Ғабдуриннің жасы – 92-де. Жасының егделігіне байланысты бұл сайлаушының дауыс беруі үшін сайлау жәшігі үйіне жіберілді. Ал таңғы сағат 7.00-де 62 жастағы Кенжебай Дүйсенғалиев алғашқы болып таңдауын жасады. Оған арнайы сыйлық берілді. Сондай-ақ мұндай мүмкіндікке 18 жасқа толып, ең алғаш дауыс берушілер де ие болды» дейді Айнагүл Мақсотқызы.
Аталған сайлау учаскесінде 9 байқаушы дауыс беру барысын бақылап отыр. Оның бірі –халықаралық байқаушы. Учаскеде санитарлық талаптар сақталған. Бір ерекшелігі, мұнда дауыс беруге келген сайлаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынады.