Саясат • 10 Қаңтар, 2021

Қазақстан сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыруда – Чехия депутаты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына тәуелсіз халықаралық байқаушы ретінде қатысып жатқан Чехия Республикасы Парламенті депутаттар палатасы Төрағасының орынбасары Войтех Филип өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыруда – Чехия депутаты

– Халықаралық байқаушы ретінде Қазақстанға алғаш рет келіп отырған жоқпын. Сондықтан Қазақстанның мұндай саяси додаларды жоғары деңгейде ұйымдастыратынын жақсы білемін. Бүгін бірнеше сайлау учаскесін аралап, осыған тағы бір мәрте көз жеткіздім, деді Войтех Филип.

Халықаралық байқаушы өзі аралап шыққан сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмегенін айтты.

– Сайлаушылардың да белсенділігі жоғары. Таңертеңнен бері таңдау жасауға ағылып келіп жатыр. Сондай-ақ саяси партиялардың белсенділігін де атап өтуге тиіспін. Партиялардың мүддесін қорғайтын жергілікті байқаушылар сайлаудың өту барысын мұқият бақылап отыр, деді Чехия Республикасы Парламенті депутаттар палатасы Төрағасының орынбасары.