Өнер • 10 Қаңтар, 2021

Асанәлі Әшімов: Парламенттік ландшафтың өзгергенін қалаймын!

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы № 382  сайлау учаскісінде дауыс берген Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов  мүмкіндік  болса, барлық партияға дауыс бергісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Асанәлі Әшімов: Парламенттік ландшафтың өзгергенін қалаймын!

Себебі  сайлау  додасына қатысып отырған барлық партияда  Асанәлі Әшімовтің көрермендері бар. Сол себепті оларды бір-бірінен бөле-жару қиын болса да, заңнан аттап өтпей, таңдауын бір партияға берген.

– Мен өз таңдауымда жасадым, және басқалардың таңдауына құрметпен қараймын. Сайлауға қатысып отырған барлық партиялардың сайлаушылары бүгінгі күннің нәтижесіне үлкен үмітпен қарап отыр.

Басылымдарда алматылықтардың белсенділігі өте төмен деген ақпараттар тарап жатыр. Бүгінгі сайлауда барлықтарыңызды барынша белсенді  болуға шақырамын.  Сайлаулың нәтижесіне қарап, реформалардың беталысы анықталады. Мен Парламентке, Үкімет құрамына жаңа Тұлғалардың келгенін, Үкімет пен Парламенттің қанының жаңарғанын, парламенттік ландшафтың өзгергенін  қалаймын, сол үшін дауыс бердім, – деп сөзін түйіндеді Асанәлі Әшімов.