Сайлау • 10 Қаңтар, 2021

Талғат Қалиев: Қазақстанда партиялық құрылыс қарқынды түрде дами береді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Sailau Talks-2021 шарасында сарапшылар Қазақстандағы партиялық құрылыс қалай дамитыны туралы пікір айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Талғат Қалиев: Қазақстанда партиялық құрылыс қарқынды түрде дами береді

«Карантин кезінде бәрі онлайн режимде жұмыс істеп үйренді, оның ішіне партиялар да кіреді. Осыған сәйкес партиялық құрылыс қарқынды түрде дами береді. Әлдебір мәселені шешу үшін алыс жолға шығудың қажеті болмайды, бәрін онлайн режимде ұйымдастыруға болады», дейді Этносаяси зерттеулер инститтының директоры Талғат Қалиев.

Ал саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, қоғамға жоғары қабілетті Парламент керек екені сөзсіз.

«Қазіргі жағдай бойынша Мәжіліс пен мәслихаттың құрамы 50%-ы жаңарады. Ол жерге жаңа тұлғалар келеді. Парламенттің бұрынғы құрамы сайлаушылардың дауысы үшін күрес болатынын толық сезінетін болады. Алдағы уақыт үшін маңызды нәрсе – саяси партиялардың көп болуы», дейді ол.