Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Ел бойынша дауыс беруден алғашқы орында тұрған облыс аталды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында 400 мыңға жуық сайлаушының 75,5 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ел бойынша дауыс беруден алғашқы орында тұрған облыс аталды

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгін өңірде 650 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Таңғы сағат 7.00-ден бастап 4 мыңға жуық байқаушы бақылады. Облыстан Парламент Мәжілісі депутаттығына 5 партиядан 312 кандидат тіркелді. Олардың 222-сі ер адам болса, 90-ы әйел. Үміткерлердің ең жасы 25-те, ең үлкені – 70-те.

«СҚО-да 399 370 сайлаушы бар. Петропавл қалалық және аудандық сайлау комиссияларының есебі бойынша олардың 301 629-ы бүгін конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді. Ол барлық сайлаушының 75,5 %-ы», деді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов