АҚШ-тағы жаңа жылдан кейінгі оқиғадан соң мұхиттың арғы бетіндегі ахуал тұрақталды. Осылайша, Джо Байден ресми түрде Американың 46-ыншы президенті атанды. Оны ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған. Жаңа президентпен бірге Ақ үйдің сыртқы саясаты да өзгеретіні белгілі. Ендеше, алдағы төрт жылда АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты ұстанымы қалай болмақ? Осы мәселеге аз-кем шолу жасап көрген едік.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Естеріңізде болса, өткен аптада АҚШ конгресі сайлаушылардың дауысын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған-ды. Яғни Джо Байденнің жеңісін ресми түрде бекітуі тиіс еді. Алайда Дональд Трамп Вашингтонның ортасында мыңдаған адам жиналған митингте сөз сөйлеп, өз жақтастарын наразылық акциясына шығуға шақырып, жеңілгенін мойындамайтынын мәлімдеген еді. Шеруден кейін бір топ адам конгресс ғимараты – Капитолийге басып кірді. Оқиға салдарынан 5 адам қаза тапты.
Кейінірек Вашингтонда коменданттық сағат енгізіліп, қарулы күштер жағдайды бақылауға алды. Тіпті, Дональд Трамптың өзі жақтастарын сабырға шақырып, үйлеріне тарауды сұрады.
Капитолийді басып алу оқиғасы АҚШ-та сынға ұшырады. Мәселен, Барак Обама мұны арсыздық пен ұятсыздыққа балады. Сондай-ақ жағдайдың бұлай өрбуіне президент Дональд Трамптың жауапты екенін баса айтты. Б.Обама Республикалық партия мен оны қолдайтын медиа өкілдерін сайлау нәтижесіне күмән келтіргені үшін айыптады.
АҚШ-тың тағы бір бұрынғы президенті Джордж Буш Капитолий ғимаратына басып кірген адамдар өтірік пен жалған үміттің елесіне ергенін жеткізді. «Бұл жиіркенішті әрі жанға бататын жағдай. Сайлаудың нәтижесіне күмән келтіру демократиялы елдерге тән емес», деді Буш.
Билл Клинтон Капитолийді басып алу әрекетін улы саясаттың нәтижесі және таралған жалған ақпараттардың салдары деп атады. Оның пайымдауынша, бұл оқиға Америка халқының сеніміне селкеу түсірмейді. Джимми Картер де болған оқиғаны айыптап, Капитолийге шабуылға ұлттық трагедия деп баға берді.
Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен сенатор Чак Шумер вице-президент Майк Пенстен АҚШ конститутциясындағы 25-ші түзетуді қолдануды сұрады. Аталған құжатқа сәйкес, министрлер кабинеті президентке сенімсіздік білдіре алады. Пелоси бұл талабы орындалмаған жағдайда демократтар Трампқа екінші рет импичмент жариялауға дайын екенін жеткізді.
Қоғам мен саяси элитаның қысымына шыдамаған Дональд Трамп көп ұзамай жеңілгенін мойындап, президенттік құзыретті Джо Байденге тапсыруға келісті. Міне, жаңа жылдан кейін мұхиттың арғы бетін цунами секілді апыр-топырға салған оқиғаның ұзын-ырғасы осы.
Енді, негізгі мәселеге оралсақ. Байден әкімшілігінің Орталық Азияға қатысты саясаты қалай өрбімек? Жалпы, Джо Байден Орталық Азияға қатысты нақты пікір айтқан емес. Дегенмен, тізгінін жаңа иесіне табыстаған Ақ үй бірден ұстанымын өзгертеді дегенге сену қиын. Оған себеп жетерлік.
Біріншіден, АҚШ-тың Орталық Азия жөніндегі саясаты Барак Обама тұсында жаңаша сипатқа ие болды. Сол кезде Ақ үй басшысы Орталық Азия мемлекеттері өңірлік проблемаларды шешу үшін ең алдымен ауызбіршілік танытып, барлық тарап мақұлдайтын күн тәртібін құрып алу керек деген ұстанымын білдірді. Осы мақсатта 2015 жылы Обама әкімшілігі Орталық Азиядағы интеграцияны күшейтуді көздейтін «С5+1» платформасын құруға мұрындық болған. Аталған алаң аясында бірнеше мәрте кездесулер өтті.
«С5+1» форматы – Орталық Азияның бес елі мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі. Платформа аясында экономикалық даму, өңірлік ынтымақтастық, қоршаған орта және қауіпсіздік мәселелері талқыланады.
Бұл бастама Демократиялық партия өкілі Барак Обама тұсында құрылғанымен, Республикашыл Дональд Трамп кезінде өзгерген жоқ. Былтыр АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Орталық Азияға арнайы ат терлетіп келгені есімізде. Осы сапар барысында екіжақты көптеген кездесу өткізіліп, С5+1 форматы бойынша келіссөздер жүргізілді.
Сапар барысында Майк Помпео Орталық Азиямен ынтымақтастықты арттырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ келіссөздер кезінде «С5+1» аясында жасалған байланыстың тиімділігі айтылып, қарым-қатынастың беки түскеніне назар аударылды. Осындай өзара ықпалдастықтың нәтижесінде өңірлік даму, экономика, энергетика, экология, транспорт және қауіпсіздік салалары тұрақты ілгерілеп отыр.
Бұдан бөлек, аймақтағы өзекті түйткілдер, әсіресе Ауғанстандағы ахуал Сыртқы істер министрлерінің басқосуында кеңінен талқыланды. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы М.Помпео ондағы жағдайды тұрақтандыруға Орталық Азия елдерінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстанмен қарым-қатынасын жақсартуы үшін Өзбекстанға Ақ үй тарапы миллион доллар сомасында көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізуге ниет білдіруінің бірнеше себебі бар. Аймақ географиялық және геосаяси тұрғыдан үлкен маңызға ие. Бес мемлекет мұхитқа тікелей шыға алмаса да, Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстырып тұр. Ауғанстаннан аузы күйген АҚШ үшін Орталық Азияның тыныштығы маңызды.
Көптеген сарапшылар әлемдік үстемдікке таласатын державаға Орталық Азия таптырмас мүмкіндік деп есептейді. Өйткені АҚШ-тың басты саяси бәсекелесі Ресей мен сауда-экономикалық қарсыласы Қытай Орталық Азия елдерімен шектесіп жатыр. Колумбия университетінің аспиранты Коллин Вудтың пайымдауынша, мұндай қадам үлкен шахмат тақтасында екі жақ қана емес, үшінші ойыншы бар екенін «ескертіп» қою үшін қажет.
Қысқасы, АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты жөнінде Демократтар да, Республикашылар да ұқсас көзқарас ұстанады. Бұдан бөлек, Джо Байден Барак Обаманың президенттігі кезінде вице-президент лауазымын атқарған. Яғни «С5+1» бастамасының басы-қасында жүргендердің бірі. Ендеше, Джо Байденнің әкімшілігі өңірдегі ықпалын арттырмаса, кемітпейтіні анық. Ақ үй басшысы ең әуелі коронавирус пандемиясымен күреске баса назар аударатыны түсінікті. Бірақ індет ауыздықталғаннан соң сыртқы саясаттағы басымдықтар алға шығады.
Observer Research қорының пайымдауынша, Джо Байден Орталық Азияға қатысты пікірін нақтылауы керек. Оған қоса, өңірдегі мемлекеттердің басшыларымен сенімді байланыс орнатқанда ғана Қытайға қарсы жақтас таба алмақ.
Мәскеудегі Карнеги орталығының келтірген мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі саясаты өңірдегі қауіпсіздік мәселелеріне арналмақ. Мәселен, Ауғанстанмен түйісетін елдердің шекарасындағы ахуал өзекті қалпында қалып отыр. Өйткені Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың қаупі әлі сейілген жоқ. Оның үстіне, Орталық Азия бұрынғыдай бұйығы жатқан аймақ емес. Қазіргі таңда өңір Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстырып жатыр. Оған қоса, Азиядағы тынышы қашқан аймақтар да Орталық Азияға тым жақын. Сондықтан «Еуразия жүрегі» АҚШ-тың сыртқы саясатында өз орнын алмақ.
Айтпақшы, The Washington Post газетінің хабарлауынша, Джо Байден АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі Ресей және Орталық Азия жөніндегі кеңесші лауазымына Андреа Кендалл Тейлорды тағайындауды жоспарлап отыр. Андреа ханым кезінде Орталық барлау қызметінде, сондай-ақ басқа да барлау ұйымдарында маңызды лауазымдарды атқарған. Сарапшылардың пайымдауынша, Тейлорды тағайындауы Байденнің Ресей және Орталық Азияға ерекше мән беретінін аңғартады.
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Қазақстан • Бүгін, 21:10
Túrkistan халықаралық апталығының жинағы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 20:58
Қостанайлық үздіктер Елбасы марапатына ие болды
Аймақтар • Бүгін, 20:29
Қазақстандықтардың тұрмыстық қажеттіліктерге арналған шығындары төмендеді
Экономика • Бүгін, 20:02
Өскеменде Ертіске батып бара жатқан әйел құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 19:53
Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 19:40
Еуразиялық даму банкінің алаңында маңызды мәселелер талқыланды
Экономика • Бүгін, 19:35
ШҚО-да аудан орталықтары ажарланады
Аймақтар • Бүгін, 19:27
Нұр-Сұлтанда 8 жаңа автобус бағыты іске қосылады
Елорда • Бүгін, 18:49
Токио олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 18:42
Түркі академиясы Бішкекте «Жамбыл - қазақ-қырғызға ортақ ақын» атты жиын өткізді
Руханият • Бүгін, 18:35
Алматыда Жетісу ауданындағы су арналары жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:35
«e-Freight» жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда
Қоғам • Бүгін, 18:32
Жетібай-Шетпе жолы шаңды дауылдың салдарынан жабылды
Видео • Бүгін, 18:25
Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 18:22
Семейдің жаңа әкімі жылыту қазандықтарын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 18:11
Шекарашылар есірткіні контрабандалық жолмен алып өтудің алдын алды
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:48
Латын қаріптері пернетақтаға қалай енгізілген?
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Вакцинация: Қостанай облысында 93 егу пункті жұмыс істейтін болады
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Елордада коронавируспен күресу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр
Елорда • Бүгін, 17:43
Шымкент әкімі Венгрия елшісімен маңызды мәселелерді талқылады
Аймақтар • Бүгін, 17:37
Қазақстан 2023 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеді
Қазақстан • Бүгін, 17:35
БҰҰ Бас хатшысы ресейлік вакцинаның мүмкіндіктерін атап өтті
Әлем • Бүгін, 17:28
Қазақстанда ұрлық саны екі есеге азайды
Қазақстан • Бүгін, 17:15
Қызылордада былтыр 349 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 17:08
А. Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Шымкентте мәдениет және өнер ұжымдарының кәсіби тыңдалымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:55
1 ақпаннан бастап ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады
Қоғам • Бүгін, 16:43
Канн фестивалі жазға шегерілді
Өнер • Бүгін, 16:42
Түркістан облысының белсенді азаматтарына Елбасының Алғыс хаты тапсырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Павлодар облысында ер адам жанып жатқан үйден көршісін алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Карантин тәртібін бірнеше рет бұзған 12 мекеменің қызметі тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Өскеменде алғашқы атыс жаттығуы өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді
Елорда • Бүгін, 16:30
Декларация тапсырудағы жаңа өзгерістер түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Экс-депутат Қыздар университетіне қызметке барды
Тағайындау • Бүгін, 16:23
Қызылордада 19 индустриялық жоба кәсіпкерлікті қолдау картасына енді
Аймақтар • Бүгін, 16:22
«Көктас-Ақтөбе» зауыты жылына 120 млн дана кірпіш шығаруды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 16:20
Жол бойындағы қызмет көрсету сапасы 8%-ға артады
Қазақстан • Бүгін, 16:17
Жұқпалы емес аурулардың зияндылығын азайту жөніндегі қауымдастық құрылды
Медицина • Бүгін, 16:13
Ордабасы ауданында биыл 4 жоба іске қосылмақ
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Президент Алик Шпекбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:02
Елорда әкімдігінің әлеуметтік орталықтары тұрғындармен өзара байланысты күшейтті
Елорда • Бүгін, 16:02
«Астана Банкі» салымшылары «Еуразиялық банк» төлейтін өтемақыларын қалай алады?
Экономика • Бүгін, 15:58
Зайсан ауданының 9 елді мекеніне газ беру тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:51
Қостанай облысында бір ай ішінде 82 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Аймақтар • Бүгін, 15:37
Өнер жұлдыздары Шымкентте 100 концерт өткізеді
Өнер • Бүгін, 15:32
Еңбек биржасында 1 млн-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 15:24
Қазақстан елшісі Түркияның вице-президентімен кездесті
Саясат • Бүгін, 15:15
ШҚО көктемгі су тасқынына дайындықты бастады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Алматы полициясы 129 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мамыр айына шегерілді
Спорт • Бүгін, 15:05
Қуат Хамитов жарты жылға бас бостандығынан шектелді
Қоғам • Бүгін, 15:04
Емханаларда 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:04
Дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына үстемеақы қосылады
Қазақстан • Бүгін, 15:03
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:58
Қазақстанда Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Коронавирус • Бүгін, 14:52
ШҚО-да аудан орталықтарын дамытуға ден қойылмақ
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Адасып кеткен балықшыларды полиция құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қазақстандықтар 2020 жылы не нәрсені көп сатып алды?
Қазақстан • Бүгін, 14:26
Қарағандылық әнші қыз Түркияда бақ сынайды
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Түркістан облысында қар құрсауында қалған 40 отбасына көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Алматыдағы Балалар онкологиясы орталығында сауапты іс атқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Шекарашылар кезекті рет есірткі тасымалдаушыларды әшкереледі
Оқиға • Бүгін, 13:34
Несие «рәсімдеген» алаяқтар жәбірленушіні сазға отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:19
Bek Air компаниясы бесінші рет сотқа берілді
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді
Экономика • Бүгін, 13:06
Ұқсас жаңалықтар